Мас жүргізуші балалар алаңында ойран салған (ФОТО, ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708205751427_small.jpg

Желіні пайдаланушылардың бірі Лада.кз жергілікті сайтына оқиға кадрларын салды.

Видеода Hyundai Sonata көлігінің балалардың ойнайтын жердің қоршауын соғып қиратқаны көрініп тұр. Куәгерлер оқиғаның 16 желтоқсан күні 2-ші шағынаудандағы 46-ші үйдің ауласында болғанын хабарлап отыр.

Кейін облыстық ІІД-нен Лада.кз сайтына балалардың ойнайтын алаңына соғылған жүргізуші мас болғанын хабарлады. Осылайша, баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 16 желтоқсан күні шамамен сағат 13:25-те 2-ші шағынаудандағы 46-шы үйдің қасында мас күйінде болған Hyundai Sonata көлігінің жүргізушісі балалар алаңында жол-көлік оқиғасына жол беріп, оқиға орнынан кетіп қалмақ болған.

Жол-көлік оқиғасына жол берген Ақтау қаласының 1965 жылғы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 611-бабының 2-бөлімі (Жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушінің жол-көлік оқиғасы орнын қалдыру) және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 608-бабының 3-бөлімі (көлік жүргізушісінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) токсикомандық мас күйінде басқарып, апатты жағдай жасау) бойынша хаттамалар толтырылды.

 

 

Қатысты Мақалалар