Ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында елімізде 613 мың 421 жеңіл автокөлік тіркелген. Бұл - 29,3 пайызға жоғары көрсеткіш, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитенің мәліметінше, тіркелген темір тұлпарлардың ең көбі Оңтүстік Қазақстанға тиесілі екен. Алматы қаласында 74 мыңға жуық машина тіркеліпті. Астана қаласындағы көрсеткіш 53 мыңнан асып жығылды. Жалпы 1 қарашадағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 5 миллион бірлікке жеткен.