25 желтоқсанда Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл күні жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Намыс дода» - бұл спорттық сайыс болғанымен, сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама. Бұл тартыста кәсіби спортшылар мен қатар, медиа саласының өкілдері мен танымал әртістер қатысуда.
Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан бақ сынасуда.
Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.