«ВТБ» мен «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес компаниялары қара тізімге ілінді

/uploads/thumbnail/20170708210001710_small.jpg

Ресейлік банктердің Қазақстандағы еншілес компаниялары АҚШ жариялаған санкциялық тізімге енді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Аталған тізім 22 желтоқсан күні жарияланған болатын. Санкциялық шектеулерге «ВТБ» мен «Сбербанк» бөлімшелері де ілініп отыр. Аталған банктердің, Қазақстаннан басқа Армения, Австрия, Белоруссия, Украниадағы еншілес банктері және Белоруссия, Швейцария мен Украинадағы филиалдары да қара тізімге енгізілген.

Ал, «Сбербанк» басшылары бұл санкциялық тізімнің кеңеюі банк жұмысына айтарлықтай ықпал етпейтінін, 2014 жылғы қыркүйекте банкке қойылған санкциялық шектеулер барлық бөліністерге таралатынын айтқан. «ВТБ» жетекшілері де АҚШ санкциялары банк клиенттеріне ешқандай қолайсыздық туғызбайды деп отыр.

 

Қатысты Мақалалар