Биыл қазақстандықтардың жаңа жыл мерекесін атап өтуге арналған ортажа «бюджеті» 15240 теңгені құрайды. Бұл былтырғы мерекедегі көрсеткіштен 13 пайызға төмен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Kompetenz» сақтандыру компаниясына сілтеме жасап.
Компания жүргізген сауалнамаға Алматы мен Астана қалаларының 18-65 жас аралығындағы тұрғындары қатысқан екен.
Сұрауға қатысушылардың 18 пайызы сыйлыққа балалар ойыншықтарын алуды құп көрсе, 15 пайызы кондитерлік өнімдер алатындарын айтқан. Сауалнамаға қатысушылардың 12 пайызы парфюм өнімдері мен косметикалық құралдарды таңдаса, респонденттердің 10 пайызы тұрмыстық ттехника мен заманға сай гаджеттер сыйлаймыз десе, 5 пайызы сыйлық сертификаттарын сыйлағанды жөн көреді. Сауалнамаға қатысқандардың не бәрі 2 пайызы сән бұйымдарына таңдау жасаған.
Ал, респонденттердің 29 пайызы бұл мерекеде ешкімге сыйлық жасамайтынын ашық айтса, 7 пайызы өз қолымыздан әзірленген тосын сый жасаймыз деп жауап беруден құтылған.