"Қазақстан" телеарнасы басшылығының назарына!
Менің заңгер досым Жаңабек Әбішев кеше "осындай атаумен телехабар жүргізу керек" деген идея айтты. Оның бұл ойы менің ең бір жанды жеріме тиіп кетті. Себебі, мен кешегі кеңес заманында білім алған, жұмыс істеген ұрпақ өкілімін. Мен үшін Малайзияға барып білім алу дегеннің мәртебе болғаны - естуге ауыр, айтуға ұят. 1989 жылы біз бейнелеп айтсақ көкте едік, көп ел, оның ішінде Сауд Арабиясы, БАӘ, Малайзия жерде еді. Кәзір олар - көкте, біз - жердеміз... Жаныңа бата ма, батпай ма?
Салыстыру мүмкіндігім болмаса мен де кейбір жас буын өкілдері секілді "керемет дамып кеттік қой, сізге не керек?" дер едім. Бір ай бұрын БАӘ Мұнай министрі "экспортқа мұнай тиелген соңғы танкерді жіберетін жігіттерді біз дәл кәзір оқытып, тәрбиелеп жатырмыз" деп еді, кеше енді әмірліктің Космос агенттігінің басшысы "2021 жылы, Тәуелсіздігіміздің 50-жылдығына Марсқа адам ұшыруға дайындалып жатырмыз" дейді. Біздің Талғатжан болса "2025 жылға дейін "Протондар" ұша беретін болады" дейді. Айтуға ұялмай ма? Осы арабтар-ақ менің жанымды ауыртып, өлтіретін болды...
Өмірзақ Ақжігіттің «Фейсбук» парақшасынан алынды.