Қазір Қазақстанда оралман деген қауым бар . Тәуелсіздігіміз аман болса және оны бекемдейміз десек, бұл қауым бұдан былай көбеймесе азаймайды.
Соңғы кездері осы оралмандар туралы " оралман " демеу керек, " Қандас"деу керек, "Алаш"деу керек, "Бауырлас"деу керек деген сыңайлы пікірлер көп айтылып жүр.Ал Мен сәл өзгешелеу ойлаймын:
Жәрәйді, солай атайық, не өзгереді соңда? Қоғамдық орның, мәртебең дұрыс болмаса, сені олай деп атағаннан не пайда? Тіпті "Басы алтын , көті күміс"деп атасаңда, кірме құрлы мәртебең, сыйың болмаса ,елге күлкі, көзге түрткі болғаның болған емеспе?__"Ойбай, басы алтын, көті күміс біреулер келе жатыр"_ деп .
Рас,Оралман деген атау осы шетелден көшіп келіп жатқан қазақтың бәріне бірдей дүп келмейтіні шындық. Басқаны айтпағанда , мына тұрған Тәшкент Қаз АССР алғаш құрылғанда қазақтың жері еді. Қазақта сөз барғой: "Атаңның басы барма еді?"_дейтін. Бар.Төле би атамыздың басы жатыр онда. Енді сол ата - бабасынан бері Тәшкентте тұрып келе жатқан,соңда туып, сонда өскен қазақ қазақстанға келсе оралман деп, оралды деп айту тіке мағнада қисынсыздау әрине. Десе де, Осы бір шетелден келіп жатқан қауымды әйтеу не деп болсада бір атаумен атау керек қой. Солай екен деп бір сөзге жармасып алып,соны дыңғырлата бергеннен гөрі , сол оралманның қоғамдық, саяси мәртебесін көтеруді көбірек ойласақпа деймін. Оралманнан парлементте депутатымыз болсын, сөзімізді сөйлейтін. Орынбасары болсада бір министріміз болсын ісімізді атқаратын. Облыс, Аудан Ауылдарда аратұра болсада әкіміміз болсын.Күнделікті тұрмысымыздан болмасада, айына аптасына ас ауқатымыз бен хал күйімізден хабар тауып, жөн сілтеп отыратын жергілікті мәслихаттарда депутаттымыз болсын. Судия болсын, Прокурор болсын, директор болсын дегендей.
Қазақстан Қазақстан болу үшін қазақ керек. Ал, қазақ қазақ болу үшін Қазақстан керек. Керек болды шақырдық, керек болды келдік. Ендігі керегі: Бірге өсіп, біте қайнасып,мемлекетіміздің одан ары гүлденіп көркейіуі үшін ат салысу. Еліміздің болашағы үшін тізе қоса еңбек ету,күресу. Мемлекеттің міндеті – өз халқын тәрбиелеу. Халықтың міндеті мемлекетін қолдау,қорғау. Сондықтан өз басым оралман дей ма, басқа дей ма бәрі бір. Ең бірінші қоғамда орның, саясатта беделің болсын.
Kapar Akhat-тың Фейсбуктегі парақшасынан алынды