Жамалиев Заречныйдағы колонияда отыр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708214829598_small.JPG

Өткен жылы астаналық Әліби Жұмағұловты ұрып-соқты және бопсалады деген айып тағылып, 12 жылға бас бостандығынан айрылған кәсіпкер Қайрат Жамалиев жазасын алматы облысы Заречный кентінде орналасқан түзеу мекемесінде өтеуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz– ке сілтеме жасап.

Сайттың Астана сотына жазған сұрауына берген жауабында сот Қайрат Жасалиев Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/8 түзеу мекемесіне жеткізілгенін айтқан.

Ал, аталған іс бойынша басқа фигуранттар Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытков Ақмола облысы Атбасар кентіндегі ЕЦ-166/4 түзеу мекемесіне жіберілген.

Сотталғандар алғашқы инстанциядағы сот үкіміне шағым түсіргенімен аппеляциялық сот ол өтінішті қанағаттандырмаған. Жоғарғы соттың кассациялық алқасына үкімді өзгерту туралы өтініш те түспеген.

 

 

Қатысты Мақалалар