«Оңай» Шымкентке де жетті

/uploads/thumbnail/20170708214835504_small.jpg

Жолаушылар көлігіндегі электронды билеттендіру жүйесі Шымкенттік қоғамдық көліктерге де орнатылады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.

«2015 жылдың желтоқсан айында біз Korea Smart Card Co  компаниясымен меморандумға қол қойдық. Қазір жолаушылар жиілігі мен көлік ағыны зерттелуде. Бұл жүйе алматыдағы «Оңай» жүйесінен айырмашылықтарға ие. Біз оны алматылықтардың қателіктерін ескеріп, жетілдіретін боламыз. Әзірге атауы нақтыланбады», - дейді бөлім басшысы Қуатжан Жұматаев.

Бөлім басшысының айтуынша, электронды билеттендіру жүйесі осы жылы қолданысқа енізілмек. Сондай-ақ, ақпан айында жобаның нақты атауы белгілі болады.

Сондай-ақ, Қ. Жұматаев аталған жүйені қолданысқа енгізуге 11000 АҚШ доллары көлемінде қаражат кететінін, алайда, алматылық бір фирма 8000 долларлық ұсыныс жасағанын айтқан.

Бүгінде Шымкентте 76 бағыт бойынша қызмет көрсететін 27 тасымалдаушы компания бар.

 

Қатысты Мақалалар