ВКонтактедегі «За тебя, Бәке» тобының жазылушылары Нью-Йорк көшелерін «ҚАЗАҚ» деген жазуы бар нөмірмен кезіп жүрген қымбат көліктің суретін біраз талқыға салды деп хабарлайды BNews.kz.
Бір қызығы, нөмірі «Қазақ» «Гелендваген» Нью-Йорк тұрғындарының ерекше назарын аударған.
Мына сурет те дәл осы қалада түсірілген екен.
Айта кетсек, бір-екі күннің ішінде сурет 4 мыңнан аса «лайк» жинап үлгерді. Әйтсе де әлеуметтік желі пайдаланушыларының бұл жазуға қатысты пікірі екіге жарылып отыр: бірі мұны патриоттықтың белгісіне баласа, енді бірі көзге көрініп, мақтанып қалудан басқа ештеңе емес деп санайды.