Астана қаласының полицейлері АҚШ президентінің фамилиясымен аталатын және сыртына Барак Обама суреті салынған жылжымалы дәмхананы ашылмай жатып, алаңнан алып тастауға бұйырған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Автобус базасында жасалған дәмхананы астаналық кәсіпкер қала көшелерінің біріне орналастырып, енді салтанатты ашылуын жасаймын деп отырғанда, полициядан қатаң талап қойылған.
«Мені полиция бастығына шақыртты да, автокөлікті бұлай өзгертуге болмайтынын және оның бүйірінің 40 пайыздан астамы боялғанына байланысты алып тастау керектігін айтты. Меніңше, мәселе бояуда емес, «Food Truck», яғни дөңгелекті дәмхана идеясында сияқты», - дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Шәріпбаев.
Әзірлеуге 4 миллион теңгедей қаражат пен бір жылға жуық уақыт кеткен бизнес-жоба полицейлердің осы талабының кесірінен жүзеге аспай қалатын түрі бар.