Бүгін ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде вице-премьер Дариға Назарбаева осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
«Бүгін біз өз балаларымызды кем дегенде үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сөйлеуге үйретуіміз керек. Өйткені, жақын болашақта бізге қытай тілін және үйренуге тура келеді. Біздің оңтүстіктегі ұлы көршіміз – біздің тағдырымыз», - деді білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде Дариға Нұрсұлтанқызы.
Ол жиында сөйлеген сөзінде Қытай экономикасының зор қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
«Қазір біршама баяулау бар. Бірақ, Қытай – ол Қытай, ол асықпайды, олар «жүз жылдан соң барлығы жақсы болады» деген санатта ойлайды», - дейді вице-премьер.