Қазақстан мемлекеттік қарызы бойынша ТМД мен Шығыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орында

/uploads/thumbnail/20170708215112225_small.jpg

Қазақстан мемлекеттік сыртқы қарыздардың ішкі жалпы өнімге шаққандағы көрсеткіші бойынша ТМД мен Шығыс Еуропа елдерін басып озды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы "БГ Деловая газета" жариялаған деректерге сілтеме жасап.

Еліміздің сыртқы қарызының ІЖӨ-ге шаққандағы көрсеткіші 5,3 пайызды құраған. Ресейде бұл көрсеткіш 3,2 пайызға тең. Ең үлкен пайыздық көрсеткіштерге сыртқы қарызы күрт артып кеткен Словения мен Украина ие болған.

Сонымен қатар, басылым Қазақстанның сыртқы мемлекеттік қарызы сыртқы жалпы қарыздың (СЖҚ) 7,2 пайызына тең екенін айтады. Бірақ, мемлекеттің фирмаралық несиелендіру бойынша сыртқы қарызы өте жоғары – 52,6 пайызды құраған. Қазақстанның 2015 жылғы 3 тоқсандағы фирмаралық сыртқы несиелендіру көлемі 81,62 миллиард долларға жеткен. Осы арқылы Ресей мен Польшадан кейінгі үшінші орынды иеленіп отыр.

Басылым фирмаралық несиелендіру, сырттан тартылған инвестиция көлемінің жан басына шаққандағы көрсеткіштері бойынша Қазақстанның екінші орынға шыққанын айтады. Бірінші орынды 90-жылдан бері батыс Еуропа елдері қаржы құйып келген Венгрия иеленіп отыр. Сондай-ақ, мақала авторлары тек Қазақстанда ғана соңғы 10 жыл көлемінде СЖҚ мен жылдық ІЖӨ-нің қатынасы өзгермегенін айтады.

 

Қатысты Мақалалар