Әлеуметтік желіде "лейтенант" шеніндегі полиция қызметкерінің жол апатына себеп болған видеосы жариялануда.
Видеода екі көлік бетпе-бет соғысқаны айтылады. Полиция формасын киген, басынан жарақат алған жігіт телефонмен сөйлесіп отыр. Одан оқиға куәгерлері: - Қарсы бетке шыққан сен ғой. Кінәңді мойындайсың ба?, - деп сұрағанда: - Мойындаймын,- деп жауап береді.