Бір күні компания (мұнай) жұмыс істеп жатқан жерге үш полиция келді. Мен бастықтың кабинетінде отырғамын. Олардың келіп тұрғанын бастық та терезеден көріп отыр екен, дереу маған «аналардың неге келгенін біліп келші» деді. Мен сыртқа шығып, олардың не үшін келгенін сұрадым. Сақшылар мұнда қытайдан заңсыз келіп жұмыс істеп жатқан адамдар бар ма, соны тексергелі келгенін, және бастыққа кіретіндерін айтты. Мен қайта кіріп, олардың келу мақсатын бастыққа жеткіздім. Сол кезде қытай бастық маған «сен дереу аналарға барып, үш ит қазір тез қараларыңды батырыңдар, әйтпесе әкелеріңді танисыңдар деп айт» деді. Мен оған олай айтсақ болмайды, дұрыстап түсіндіріп қайтарайық дедім. Бірақ, қанын ішіне тартып сұрланып алған ол «жоқ, дәл осы менің сөзімді жеткіз, ит деген қазақша қалай айтылады, дәл солай айтып жеткіз» деді. Мен сыртқа шығып оларға «сіздер қазір қайтып кетіңіздер, әйтпесе, мына қытай қазір бастықтарыңа звандап, сендерді жұмыстан шығартып жіберемін» деп жатыр дедім. Әлгі үшеуі бірдеңе деп орысша сөйлесіп алды да, тайып тұрды... Мен бұларды жазу арқылы ешкімнің ашу-ызасына тиейін деп отырған жоқпын. Біздің «құдіретті» құқық қорғаушыларымызды (біреуін ит дегені бәріне солай қарағаны), Қазақстан республикасының полициясын ашық түрде итке теңеп балағаттаған қытай кінәлі ме, жоқ ит болып жүрген полицияның өзі кінәлі ме, әлде соларды ит дәрежесіне түсірген жүйе, немесе сіз бен біз кінәлі ме? деген сұрақтың жауабын сіздермен бірге табу еді. Мүмкін, ешкім кінәлі емес шығар?... (Мұрат Алмасбекұлының фейсбуктегі парақшасынан алынды)
Пікір қалдыру