Амир Хан: Головкинмен жұдырықтасудан қорықпаймын

/uploads/thumbnail/20170708215357978_small.jpg

Британдық боксшы Амир Хан болашақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойымен бөлісті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер Альвареспен кездесуде жеңіске жетсең, Головкинга қарсы титулыңды қорғайсың ба, әлде салмақ азайтасың ба?» деген сұраққа ол былай деп жауап берді.

«Оның барлығы жекпе-жектің  қалай шешілетініне байланысты. Мен осындай жеңіске жеткен соң титулдан  бірден бас тартпаймын.  Канело мен сияқты боксшылармен жұдырықтасып көрмеген. Мен кез-келгенімен жекпе-жекке дайынмын. Мен ешкімнен де қорықпаймын», - деп жауап берді ол. Бұл туралы  RingTv-ге сілтеме жасап Головкиннің ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар