Ердоған Путинді оккупант деп айыптады

/uploads/thumbnail/20170708215358853_small.jpg

Түрік президенті Режеп Ердоған РФ басшысы Владимир Путинді оккупант деп айыптап отыр. Ердоғанның бұл мәлімдемесін Башар Асад әскерінің Алеппо түбіндегі шабуылдарының әсері деп қабылдауға болады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Bloomberg агентігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Р. Ердоған Hurriyet түрік газетіне берген сұхбатында Сириядағы ахуалға қатысты пікірін білдірген. Сирияда соңғы уақытта Ресей әуе күштерінің демеуімен үкімет әскері оппозиция мен көтерілісшілерге жойқын соққылар жасаған болатын. Осыған орай, Р. Ердоған В. Путинге қаратып: «Сендер Сирияда не істеп жүрсіңдер? Осы әрекеттеріңмен сендер оккупант болдыңдар» деген.

Мұның алдында Түркия сыртқы істер министрлігі ресейлік ұшақтар елдің әуе кеңістігін тағы бұзды деп айыптаған болатын.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар