Баян Есентаева желідегі парақшасында сайыс ұйымдастыруда. Продюсер бұл жолы бүлдіршіннің түсініксіз тілдегі әнін қайталайтын адамды іздеуде. Талаптары сөздері мен ырғақ, мәтін, әуен өзі көрсеткен мысалдан айнымауы керек екен. Есентаева жеңімпаз анықталса, онымен ескі бағам бойынша (185 теңге) есептеспек. Осы хабарландырудың соңына көптеген желі қолданушылары пікір қалдырған. Бірі жұртты өздерін мазақ етіп әуенді қайталамауға шақырады. Тағы бір азаматтар балақайды қайталау мүмкін емес екенін айтады. Алайда, әлеуметтік желілерде бүлдіршіннің әнін қайталаған үш үміткердің пайда болғаны айтылуда.
Пікір қалдыру