Баян Есентаева ауруханадан шықты

/uploads/thumbnail/20170709025919972_small.jpg

Продюсер Баян Есентаева ауруханадан шықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Баян Есентаеваның бүгін ауруханадан үйіне шыққанын Алматы облысы Талғар аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Сәрсенбаев хабарлады.

«Баян Есентаева ауруханадан шығарылды. Ары қарай амбулаторлық ем қабылдайды. Жағдайы қанағаттанарлық», - дейді Е. Сәрсенбаев.

Бұған дейін продюсердің сенбі күні ауруханадан шықпақ болғанын, алайда, дәрігерлер мұндай шешімге қарсылық білдіргенін жазған болатынбыз.

Естеріңізде болса, 10 маусым күні продюсер соққыға жығылып, Талғар ауруханасына түскен болатын. Осы оқиға бойынша негізгі күдікті ретінде Б. Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынды.

Связанные Статьи