Ерлан Ыдырысов: ДАИШ басшысы Рамазан айында бүлік жасау туралы үндеу жасаған

/uploads/thumbnail/20170709030108880_small.jpg

Бүгін есепті кездесу өткізген еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Министрдің айтуынша, ДАИШ көсемдерінің бірі Әбу Мұхаммед әл-Аднани интернет арқылы жаппай нұсқаулықтар таратқан. Ақтөбелік лаңкестер сол нұсқау бойынша теракт жасаған.

«Әбу Мұхаммед әл-Аднани интернет арқылы бүкіл әлемді Қасиетті Рамазан айының қарсаңында және Рамазан айында қарулы әрекеттер жасауға шақырған. Әрине, мұндай шақыру, мұндай уақытта ол ұйымның қандай екенін өзі-ақ көрсетіп тұр. Біз осындай ұрандар арқылы психикасы қалыпты емес адамдарды тауып алуға болатынын, олардың осындай үндеулерге еретінін білеміз», - дейді Е. Ыдырысов.

«Мұндай жағдай енді қайталанбайды деп үміттенеміз. Қалай болғанда да, Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша мұндай әрекеттердің қайталануына жол бермеу шаралары қабылдануда», - дегенді де қоса айтты министр.

Связанные Статьи