Жеңіс Қасымбек - Инвестициялар және даму министрі

/uploads/thumbnail/20170709030313975_small.jpg

Инвестициялар және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын», - делінген Президент Жарлығында.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін Ж. Қасымбек аталған министрлік басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Ж. Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Мамандығы – сәулетші-дизайнер. 2001 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша да тәмамдаған.

Естеріңізге салсақ, бұрынғы Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Ал, Астананың бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, Н. Нығматуллин Президент әкімшілігінің жетекшісі лауазымынан босап, «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Н. Нығматуллин бұған дейін Қарағанды облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, Мәжіліс спикері сынды лауазымдарды атқарған болатын.

Мәжілістің бұрынғы төрағасы Б. Ізмұхамбетов «Ардагерлер ұйымы» РҚБ жетекшілігіне сайланды.

Связанные Статьи