Трамп Клинтонға денсаулығы туралы ақпаратты жария етуді ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709061213788_small.jpg

АҚШ Президенттігінен үміткер Дональд Трамп өзінің медициналық картасын жариялауға дайын екендігін мәлімдеді. Ол қарсыласы Хиллари Клинтонға  денсаулығы туралы толық ақпаратты көпшілікке жариялауды ұсынды. Бұл туралы «Сегодня. ua» хабарлайды.

«Меніңше, екі үміткер, әділетсіз Хиллари де, мен де медициналық картамызды жариялауымыз керек. Мен бұны оңай істеймін. Ал сен ше, Хиллари?» деп жазды "Твиттердегі" парақшасында Трамп. Бұған дейін Трамптың дәрігері Гарольд Борнстайн Президент тағынан үміткердің денсаулығы дұрыс екенін айтқан болатын.   

Солтүстік Вирджиния мен Мериленд штаттарындағы Трамп кампаниясының директоры Джон Джаггерс Клинтонның халық алдына қалың киіммен шығуына назар аударып, «Сіздер тамыз айында жүннен тоқылған пиджак киер ме едіңіз? АҚШ Президенті болғысы келетін әйел әр шараға жүннен тоқылған пиджак киіп келеді» дей келе, «Бұл әйел қатты ауырады және олар бұнысын жасыруға тырысуда» деді ол.

Клинтонның қарсыластары оның денсаулығы туралы бұрыннан айтып келеді. Бұл сыбысты жоққа шығару үшін демократтардың атынан сайлауға түсіп отырған кандидаттың штабы шілденің соңында Клинтонның денсаулығы толық жақсы екенін дәлелдеу үшін медициналық тексеру мәліметтерін жариялаған болатын.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи