Мәскеулік профессордың 24 жасар қызы жапонға күйеуге шығуды армандайды. Бұрын тұрмыста болған ол өзіне шет елдік жар іздей бастайды. Бірде орыс аруына 52 жасар жапон кездеседі. Екеуі танысқан соң бас қосып, отбасын құруға бекінеді. Орыс қызы бұрын тұрмыста болған соң күйеуінің өзінен неше жас үлкен болғаны қызықтырмайды. Әйтеуір шет елдік ғой. Сөйтіп, өзінен көп жас үлкен жапонның етегінен ұстаған орыс қызы алыстағы аралдар еліне кете барады.
Олар Жапонияда бес жыл тұрады. Күйеуі аптасына бір рет мейрамханаға апарады. Үш айда бір рет Жапонияны аралауға мүмкіндік береді. Алты ай сайын шет елде демалады. Бұдан бөлек керек-жарағы мен азық-түлікке қажет ақшаны да жапон күйеуі беріп тұрады. Онымен қоймай, Ресейдегі отбасын да осы күйеуі асырайды. Бірақ орыс қызы жапон азаматымен бірге тұрудан жалығады. Иә, күйеуі ұрыспайды, жөнсіз тиіспейді, қысқасы жүйкесіне тимейді. Сабырлы, ұстамды әрі жомарт күйеуден безінуіне не себеп?
Себебі біреу ғана екен. Жапон күйеуі кейбір кештерде қасында отырып әңгімелескені болмаса бірге тұрған бес жыл ішінде оны құшақтамақ түгілі тіпті бетінен де сүймепті. Бес жыл ішінде әбден іші пысқан орыс қызы ақыры Ресейге қайтып кетіпті.
Орыс қызы «Менің бала сүйгім келеді. Сіздің мені не үшін алғаныңызды түсінбедім ғой. Сіз маған ен үшін үйлендіңіз?» дегенде, жапон күйеуі «Өйткені сен сұлусың» деген екен. Шамасы, қыздың сұлу жүзіне қарап отыру үшін ғана алса керек.
«Woman.ru» сайтынан алынды
Әзірлеген Айғаным Біртуар
Оставить комментарий