Назарбаев халықтың табысын арттыруға қатысты ұсыныстарымен бөлісетін болды

/uploads/thumbnail/20170709061434555_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттыру мен жұмыспен қамтуды қолдауға қатысты тың ұсыныстарын жариялайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясын ашу барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Сөз арасында Елбасы бүгінгі күні әлемдік экономикалық, саяси ахуал күрделі күйде қалып отырғанына назар аударып, көптеген дамыған және дамушы елдер қиындықты бастан кешіп отырғанына назар аударды. «Бағаның құлдырауы, әлемдік нарықтағы тұрақсыздықтар халықаралық сауданы әлсіретті. Инвестициялық ағымдар азайып, елдер арасындағы тауар айналымы, экспорт пен импорт алмасу төмендеді. Мұның бәрі Қазақстанға әсер етпей қоймайды, біз әлем экономикасының бір бөлшегіміз. Біз осыған байланысты барлық бағыттар бойынша қаржы үнемдеуге мәжбүр болдық. Экономикаға инвестициялар қысқарды, соның ішінде әлеуметтік нысандарды қаржыландыру азайды, кейбір қабылданған шешімдер қайта қаралып жатыр. Соған қарамастан, біздің бағдарламалар сөзсіз орындалады. Дегенмен, өмірдің өзі бізден қаражатты жұмсауда аса маңызды істерге көбірек көңіл бөлуді талап етіп отырғаны шындық. Осындай жағдайда Үкіметтің, Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы іс қимыл жоспары жалғасатын болады», - деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтып өтті. «Осы отырыста мен жұмыспен қамтуды қолдау және халықтың табысын арттыруға қатысты жаңа шараларды ұсынатын боламын. Яғни, экономика терең тыныс алып, дамуы үшін жаңа қаражаттар тарту жолдары, банктердің жұмысын жандандыру және жергілікті жерлердегі мүмкіндіктерді кеңейту қарастырылатын болады», - деді Мемлекет басшысы.

Оставить комментарий

Связанные Статьи