Лондонда жұрт көзінше ит етінен барбекю әзірленді

/uploads/thumbnail/20170709061715233_small.jpg

Акция ұйымдастырушылар ары-бері өткендерге  тірідей  дайындалған ит етінің дәмін татып көрсетті  деп мәлімдейді Qamshy.kz Вести.ru-ға сілтеме жасай отырып.  

Бұл туралы "РЕТА жануарларды қорғау қозғалысының қатысушылары Трафальгар алаңында ит етінен барбекю жасады", - деп жазған Metro газеті.  Іс-шара өткен орында мынандай сөздері бар транспарант ілініп тұрды: «Егер, сіз иттің етін жегіңіз келмесе, неліктен шошқа етін жейсіз? Вегетариан болыңыз». Суреттегі иттің еті емес – жануарларды қорғаушылар сейтан  (өсімдік ақуызын) пайдаланған. Осындай жолмен жануарларға жанашырлықпен қарауға шақырған топ барбекюдің етсіз де дәмді болатынын көрсеткілері келді.  

Лондонда  жануарларды қорғауға арналған акциялар жиі өтеді. Бұдан бұрын БАҚ-та жолбарысты жақсы көрушілердің жалаңаш жүгіру акциялары жарияланған. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи