Kaspi Bank-тің Алматыдағы бөлімшесіне шабуыл жасаған кімдер?

    Darkhan Muqantegi
    Kaspi Bank-тің Алматыдағы бөлімшесіне шабуыл жасаған кімдер?

    Алматыда Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан Kaspi Bank ғимаратының ішінде және сыртында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Жедел жәрдем көлігінде банктің әйел қызметкеріне медицина қызметкерлері көмек көрсетуде. 

    Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреулер Kaspi Bank-ті тонауға әрекеттенген. Полиция оқиғаның анық-қанығын кейінірек хабарлауға уәде берді.

    Ал, қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне хабарласу әзірге мүмкін болмады.

     

    Қатысты Мақалалар