Алматы көшелеріне біршама үзілістен соң «Крис П» фоторадарлары қайта оралды, - деп хабарлайды Qamshy.kz motor.kz – ке сілтеме жасап.
Көлік құралдарының жылдамдығын өлшейтін ұтқыр құрылғы қаланың төмендегі көшелерінде орналасқаны туралы ақпарат тарауда:
- Саин даңғылымен солтүстік бағытта, Төле би даңғылынан төмен тұсы;
- Шемякин көшесінің Молдавская көшесінен төмен тұсы (Рысқұлов даңғылынан төмен түскендегі бірінші бағдаршамнан соң);
- Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына («АвтоЦОН») баратын жол;
- Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта келе жатқанда Жансүгіров айналма жолының алдында;
- Сүйінбай даңғылында оңтүстік бағытта (Рысқұлов даңғылына жетпей);
Іле тас жолында «Жұлдыз» ықшам ауданына қарама қарсы.
Сондықтан, аталған аумақта жүргізушілердің тізгінді тартып ұстағаны жөн.