Алматыда жоғалған турист табылды

/uploads/thumbnail/20170709063335403_small.jpg

Алматыда тауда жоғалып кеткен Александра Назарук табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Юрий Буржинскийдің хабарлауынша, бүгін 14:20-да А.Назаруктың табылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оның жағдайы бір қалыпты.

Еске сала кетейік, жексенбі күні, 4 қыркүйекте үш дос Үлкен Алматы шыңына шыққан. Таудан төмен түсерде екеуі үйреншікті жолмен қайтқан, ал Александр Назарук басқа жолмен жүруді ұйғарған. Достар төменде кездесуге уағдаласқан. Екеуі таудан төмен түскен, ал үшіншісі оралмаған. Александр Назарукты іздеуге құтқарушылармен бірге, еріктілер де атсалысты. 

Связанные Статьи