Қарағандыдағы «Арселор МитталТеміртауда» жойқын жарылыс болды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709063416950_small.jpg

Қарағандыдағы «Арселор МитталТеміртауда» жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. Денесін күйік шалған бір жұмысшының жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, тері астындағы майы күйіп кеткен.

БЕРІК ТӨЛЕУБАЕВ, «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы» КМК бас дәрігері:

- Енді үміт, әрине бар. Бірақ та оның күйігі үлкен көлемде және оның тереңдігі үлкен. Сондықтан өміріне, әрине қауіп бар.

Металлургия комбинатының басшылығы зардап шеккен жұмысшының отбасына ақшалай көмек көрсетуге уәде беріп отыр. Жарылыс  өндірістегі  газ қыздырғыштарды іске қосу кезінде болған көрінеді.  Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.  Белгілі болғандай,  жыл басынан бері «Арселор Миттал Теміртауда» болған алғашқы оқыс жағдай екен.

СВЕТЛАНА ЧВАНОВА , «Арселор Миттал Теміртау» АҚ баспасөз хатшысы:

- 3-інші қыркүйектен 4-інші қыркүйекке қараған түні конверторлық цех бөліміне учаскелік аралық шөміштерді дайындауда металлургиялық комбинатта газ жарылды. Қазіргі уақытта кәсіпорында комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Цехтар мен комбинаттар штаттық режимінде жұмыс істеуде.

Связанные Статьи