Парламенттің отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170709063422388_small.jpg

VI шақырылымдағы Сенат пен Мәжілістің екінші сессиясының барлық пленарлы отырысы енді онлайн режимде өтеді. Әр сәрсенбі таңғы сағат 10-да BNews.kz сайтында қос палатаның отырысы тікелей эфирде көрсетіледі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин осындай шешім қабылдады:

«Парламенттің ақпараттық ашықтығын арттыру қажеттігін ескере отырып, келесі сессиядан Сенат пен Мәжіліс отырыстарын онлайн-режимде өткізу туралы шешім қабылданды», - деді палата басшысы.

Тікелей трансляция парламенттің ресми сайтында да жүргізіледі.

Связанные Статьи