Американың әскери әуе күштері Йемендегі «Әл-Каида» ұйымының 13 содырының көзін жойды. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің орталық басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Лаңкестер 24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Йеменге жасалған әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Бұл содырларға жан-жақтан қысымды күшейтіп, қаскөйлердің АҚШ пен оған одақтас елдердің азаматтарына қарсы террорлық шабуылдар ұйымдастыруына мүмкіндік бермеу үшін жасалған.
Пентагондағылардың мәлімдеуінше, Араб түбегінде бекінген «Әл-Каида» содырлары осы аймақпен қатар Америка үшін де үлкен қауіп төндіреді.