Мүмкін емес мүмкіндік немесе 1200 километрлік зағип жандар велошеруі

/uploads/thumbnail/20170709063536576_small.jpg

Елімізде тұңғыш рет көзі көрмейтін зағип жандардың арасында «шекарасыз спорт» жобасымен отанымыздың екі бас қаласын жалғайтын велошеру өткізу жоспарланғанын хабарлайды, - Qamshy.kz.

Аталған сапарға төрт көзі көрмейтін азамат алдын ала дайындалған пилоттармен екі адамдық велосипедпен және төрт көзі нашар көретін азамат жеке велосипедпен Алматыдан Астанаға дейін баруды көздейді. Қатысушылар Балқаш, Қарағанды, Теміртау секілді ірі қалалармен қатар бірнеше шағын елді-мекендерді де басып өтпек. 

Осы уақытқа дейін біраз жұмыстар жасап, көптеген істің басы қайырып  Алматыдан Қапшағай қаласына, артынша Талдықорған қаласына дейін барып келгенін айтқан болатын. Және шараның қоғам белсенділерінің бастамасы екенін ескерте отырып, барлық азаматтарды, қатысушылар өздерін қолдауды сұрайды. «Біз бұл әрекетіміз арқылы қоғамның назарын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттап, велоспортты дәріптей отырып адамның мүмкіндігі шектелуі мүмкін емес екендігін және де әр азамат өз-өзін бағалай отырып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу болып табылады.»,-деп мәлімдеген ұйымдастырушылар қолы ашық азаматтардан материялдық көмектіңде қажет екенін жасырмайды.

Отанымзда өткізілгелі отырған тұңғыш күрделі жобалардың бірегейі екенін ескере отырып бауырларымызға көмек қолын созып ризашылығына ие болмақ ниетте болсаңыз редакциямызға қабрласуларыңызға болатынын қабарлаймыз.

Тілек Ырысбек 

Связанные Статьи