Бішкекте террористік ұйым мүшесі деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709063845502_small.jpg

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бүгін халықаралық террористік ұйымға қатысы бар деген күдікпен Шамо Мамедов есімді Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап. 

Комитет мәлімдемесінде 28 жастағы Мамедовтің Бішкекте 2 қыркүйекте болған терроризмге қарсы шаралар кезінде ұсталғаны айтылады.

Шамо Мамедов содырларды Сириядағы әскери іс-қимыл аймағына аттандырып отыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

МҰҚК жедел-іздеу шаралары нәтижесінде Мамедовтің Қырғызстанға барған соң "тапсырма күтіп жатқаны" анықталғанын айтады. Күдікті қамауға алынып, тергеліп жатыр.

Связанные Статьи