Министрі ана тілін білмейтін қазақты әлем қайдан танысын?

/uploads/thumbnail/20170709063848856_small.jpg

Рахымжан Отарбаев «Қамшы» сайтындағы сұхбатында «Қазақпын десең ешкім танымайды, Филипинсің бе, Тайсың ба, Жапонсың ба деп барлық азиаттардың атауын теліп шығады» дейді. Расында шетелге барып келген адамдардың  айтуы бойынша Қазақ елін, қазақ ұлтын ешкім білмейді, бірақ Нұрсұлтан Назарбаевты бәрі біледі деп мақтаныш сезімімен айтады. Әрине Елбасымыздың әлемдік деңгейдегі тұлға екендігінде жүрегіміз жарылғанша қуанамыз. Бірақ жер көлемі әлемде 9 орында, табиғи байлығы бойынша әлем бойынша алғашқы ондықтың ішінде кіретін осындай алып мемлекетті білмеу күлкілі жағдай емес пе. Неге олай?

Бір кезде бабаларымыз Шыңғыс хан, Еділ (Аттила) тұлғаларын әлем білгенмен бүгінгі күні Шыңғыс хан құрған ұлы мемлекеттің – ұлан-ғайыр империяның – қай халыққа тиесілі екенін анықтай алмай біресе моңғол біресе қазаққа телінуі қазақ тарихының жоқтығынан. Әрине қай ұлттың мемлекеті екенін анықтау үшін тілдің де тікелей қатысы бар негізгі көрсеткіш дер едім. Олай деп айтпағым, жылдар өте Н. Назарбаев құрған мемлекетті де зерттеушілер орыс мемлекетін құрған деп топшылауы мүмкін ғой. Себебі бүгінгі күні еліміз орыс тілді мемлекет екеніміз әлемге аян. Сондықтан қазақ мемлекетінің, оны құрушы қазақ ұлтының абыройы мен тілін көтеріп елімізді әлемге паш етіп қана қоймай сол Алтын орда хандығының тікелей мұрагері екенімізді дәлелдеу керек. Бірақ өкінішке қарай елімізді әлемге танытатын сыртқы істер министріміз көне иврит тілінде майын тамызып сөйлегенмен, қазақ тілінде қақпайды.

Дегенмен, әлем Жапонияны «тойото», «хонда» т.б. брендтері арқылы таниды, бірақ оның императорының кім екенін қызығушылық танытқан адамдар ғана біледі. АҚШ-рын ұлылығын үздік технолгиялар, өмір сүру деңгейінің жоғарлығы арқылы таниды, бірақ жиі ауысқан президенттердің атын білу міндет деп санамайды, тек мемлекеттің ұлылылығын ғана мойындайды. Ал біз мойындауымыз керек 25 жылдың ішінде біздің үкімет Қазақ елін әлемге таныта алмады!

Ал, Адам мәңгілік емес, үкіметте отырған менеджерлер әлемге қазақты үздік технологиялар арқылы таныта алмас, өйткені «иновациялы үдемелі жобалар» ашылып, іле жабылып жатыр, ендеше өзбектерді ала шапаны мен ала тақиясы, қырғыздарды айыр қалпағы мен «Манас» жыры арқылы таныса, ал қазақты өзіміздің ұлттық брендтеріміз арқылы білсін.

Ерсін Ерғалиев

Связанные Статьи