Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып осыған дейін премьер-министр лауазымын атқарып келген Кәрім Мәсімов тағайындалды. К. Мәсімов – тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздік комитеті басшылығына тағайындалған он үшінші төраға. Осы он үш тағайындаудың екеуі (1998 жылдың қыркүйегі мен 1999 жылдың тамызы және 2010 жылдың 23 тамызы мен 2015 жылдың желтоқсаны аралығы) президенттің сенімді серіктерінің бірі Нұртай Әбіқаевқа, екеуі бүгінде шетелде жасырынып жүрген Әлнұр Мұсаевқа (1997 жылдың мамыры мен 1998 жылдың қыркүйегі және 1999 жылдың тамызы мен 2001 жылдың мамыры) тиесілі.
Сонымен, Кәрім Қажымқанұлына дейін ҰҚК-ні кімдер басқарды? Qamshy.kz ҰҚК экс-төрағаларының тізімін ұсынады.
Баекенов Болат Әбдірахманұлы – 1991 жылдың қазаны мен 1993 жылдың желтоқсаны
Тоқпақпаев Сәт Бесімбайұлы – 1993 жылдың желтоқсаны мен 1995 жылдың қарашасы
Жұманбеков Жеңісбек Мұхаметкәрімұлы – 1995 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың мамыры
Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлы – 1997 жылдың мамыры мен 1998 жылдың қыркүйегі
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы – 1998 жылдың қыркүйегі мен 1999 жылдың тамызы
Мұсаев Әлнұр Әлжаппарұлы – 1999 жылдың тамызы мен 2001 жылдың мамыры
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы – 2001 жылдың мамыры мен желтоқсаны
Дүтбаев Нартай Нұртайұлы – 2001 жылдың желтоқсаны мен 2006 жылдың ақпаны
Шабдарбаев Амангелді Самғұлұлы – 2006 жылдың наурызы мен 2009 жылдың желтоқсаны
Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы – 2009 жылдың желтоқсаны мен 2010 жылдың тамызы
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы – 2010 жылдың 23 тамызы мен 2015 жылдың желтоқсаны
Жұмақанов Владимир Зейноллаұлы – 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың 8 қыркүйегі.
Оставить комментарий