Қазақ тілін қорлаған киім дүкенін жөнге салу қиын ба? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709064647244_small.jpg

«Kari» киім-кешек дүкеніндегі аудармалар жұрттың жағасын ұстатты. Аталған тауар белгісіндегі аударма бойынша «Әйелдер қорқақтар»  ал,  еркектер «аталықтар» екен.  Мұндағы тауарлардың қазақша аудармасынан көз сүрінеді, тіпті ұлттың намысын да қорлайды. Бірақ, дүкеннің басшылығы аудармадан еш қымсынбайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

«Туфлялер аталық», «шылпылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық» «қорқақтар әйелдер». Тізе берсек,  жетіп артылады. Бұл Талдықорған қаласындағы «Каri» киім-кешек нүктесіндегі тауардың қазақ тіліндегі аудармалары. Мұндағы қазақ тіліндегі сөздерді оқу үшін тілді бұрмалау өз алдында, мағынасын да түсіну өте қиын,- дейді тұрғындар.

ӘЛИЯ,  Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Ешқандай мағынасы жоқ. Тілімізді мазақ қылған сияқты ғой біздің. Мемлекеттік тілімізді аяққа басу деп есептеймін. Сондықтан мұндай қателіктерге жол бермеуіміз керек. Күресуіміз керек.  

ОЛЖАС,  Талдықорған қаласының тұрғыны:  

- Аталық деген қазақшаға жатпайды ғой. Аталық деген ұрық беруші деген мағынасында айтылған нәрсе. Қазіргі таңда қазақша аудармаларды қазақшаны білмейтін адамдар жасайды. Рекламный агенстваларды алатын болсақ. Тікелей аударма.  Компьютерный перевод қой.

Бір өкініштісі сауда нүктесінің басшылығы тауарлардағы өріп жүрген қатеге, мағынасыз аудармаға еш қымсынбайды екен. Ал өрескел қателіктерді өріске мал жайғандай өргізіп қойған «Каri» сауда дүкеніндегілер арнайы аударма қызметіне жүгінгендерін жеткізді.

ДЕНИС ПИЧУЖКИН, «Kari» дүкенінің өңірлік филиал директоры: 

- Нам перевод делает бюро переводов в Алмате. Унас все переводы правильные.

- Все правильные, да?

- Все правильные.

САМАЛ ҚАБЫШЕВА,  тілші:

- Қазір аударма жасаудың ең оңай жолы осы. Ғаламторға жаза саласың. Арнайы бағдарлама саған аударып береді. Мысалы, әйелдердің іш киімін гугл аудармашы былай аударды. Бірақ оның дұрыс, қате екенін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тіл жанашырлары осыған да ерекше мән берсе.

Связанные Статьи