Кәрім Мәсімовтің күтпеген жерден Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуы нені білдіреді? «Келесі премьер кім болады?» дегеннен гөрі, Мәсімовтің жаңа қызметінің астары кешелі бері әлеуметтік желілерде қатты талқыланып жатыр. Ел арасында желдей ескен қауесеттермен, алуан түрлі айтылған пікірлерге бірер сағат бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.
Қазақстан тарихында Үкіметтің тізгінін ең ұзақ ұстаған Кәрім Мәсімовтың күтпеген жерден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалуы саясаткерлерді де, былайғы жұртты да бейжай қалдырмағаны анық. Соңғы кездері өзі де, твитері де үнсіз қалған Қажымқанұлын «жұмбақ тұлғаға» балайтындар да көп. Ақыры құпия қызметке келген экс-премьердің ендігі миссиясы қандай болмақ? Таңдау неге Мәсімовке түсті? Президент оны былай түсіндірді.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының президенті:
- Кәрім Мәсімовты өзінің келісімі бойынша, қазіргі уақытта өте қажет болып отырғанын көріп отырсыздар. Терроризм бар, басқасы бар. Тәжірибесі бар.
Саяси шешім осындай болды. Ендігі мәселе-терроризм қаупі күшейген шақта, Мәсімов қауіпсіздік қызметіне қаншалықты құнды жаңалық енгізе алады? Бұл тұрғыда сарапшылардың пікірі екіұшты.
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
- Экстремизм, халықаралық жағдай мәз емес күрделі. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік комитетінің маңызы да артып отырған жағдайы бар. Сондықтан, Мәсімов сияқты сенімді өкілін қою қауіпсіздік мәселесіне деген белгілі бір жауапкершіліктің артқанының көрсеткіші.
Ал, кейбір сарапшылар керісінше "Бұл Мәсімов үшін уақытша қызмет, араға бір-екі жыл салып ол құпия қызметтен жария қызметке қайтып оралады" деген сенімде. Қалай болғанда да Кәрім Қажымқанұлы президентке жақын әрі ең ықпалды тұлғалардың бірі. Мемлекет басшысы ең әуелден Мәсімовті ерекше таныстырған болатын.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының президенті:
- Он уроженец Целинграда, казах. Все сопподает, даже у него есть усы.