Алматыда денесі бөлшектелген марқұмның артында жүкті әйелі қалған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709064850761_small.jpg

Алматының қақ ортасынан кесілген басы мен қолы табылған азаматтың артында аяғы ауыр жұбайы қалған. Қазір келіншектің іштегі баласы төрт айлық. Ал 25 жасына бір ай ғана жетпеген марқұм кеше жерленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Достарының айтуынша, мерт болған жігіт жақында ғана Алматыдағы беделді оқу орындарының бірін аяқтап, жеке кәсіпкерлікпен айналысуды бастапты. Қайғылы жағдай болатын күні ол әдеттегідей жұмысқа кетіп, кейін телефонын алмай қойған. Келесі күні оның бөлшектенген денесі тұрғынүй ауласындағы қоқыс жәшігінен табылған болатын. Әрбір дене мүшесі жеке-жеке пакеттерге салынып, барлығы бір сөмкеге жиналыпты. Сараптама орталығының мамандары өлім алдында марқұм аяусыз соққыға жығылған дейді. Қанды қылмыс себебін қазір полиция анықтап жатыр.  

Связанные Статьи