Дін істері жөніндегі жаңа министрлікті Бағлан Майлыбаев басқара ма?

/uploads/thumbnail/20170709064943590_small.jpg

«Қазақ үні» ұлттық порталына жоғарғы биліктегі дереккөз жақын күндері Қазақстанда Дін істері және азаматтық даму министрлігі құрылатынын айтқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Дін істері және азаматтық даму министрлігін Бағлан Майлыбаев басқарады деген болжам айтылуда.

Еске сала кетейік, қазіргі тағда Бағлан Майлыбаев ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарып отыр», - деп жазады «Қазақ үні».

Кеше Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр, Асқар Мамин Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев (1975 жылы, 20 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген) – Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары[1], заң ғылымының докторы (2002-жыл).

1996-жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетін журналист мамандығы бойынша бітірген.

1998-жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет Академиясының саясаттану және саяси басқару кафедрасының аспирантурасын бітірген.

1998-жылдан 2002-жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы.

2002-жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаментінің директоры.

2002-жылдың мамыр айынан 2003-жылдың қыркүйек айына дейін «Казахстанская правда» Республикалық газеті» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2003-жылдың қыркүйек айынан 2004-жылдың желтоқсан айына дейін «Заң» акционерлік компаниясының президенті.

2004-жылдың желтоқсан айынан Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің жетекшісі.

2008-жылдың қазан айынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы.

2008-жылдың желтоқсан айынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

2009-жылдың маусым айынан 2011-жылдың қазан айында дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2011-жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Үйленген, екі баласы бар.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс грамотасымен марапатталған, ҚР ҰҒА жас ғалымдар сыйлығының лауреаты (1998)

Связанные Статьи