ҚҰРМАНҒАЗЫ МЕН ПУШКИНДІ «СҮЙІСТІРГЕН» СУРЕТШІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

/uploads/thumbnail/20170709065141795_small.jpg

Түнгі клубтың жарнамалық банеріне Құрманғазы мен Пушикиннің «сүйісіп» тұрған суретін салып берген украиндық суретші Роман Стратийчук қазір Вьетнамда тұрады. Даулы «еңбегімен» аты шыққан ол постерден шу шыққанда елден кетуге мәжбүр болған.

365info.kz порталына сұхбат берген ол Қазақстандағы жылдары, біздің елімізден алған әсері мен мұндағы мәдениетке, тұрмыс пен қоғам өміріне деген ұстанымдар туралы ойын білдіріпті.

«Менің Алматыға көшуім өте импульсивті болды. Жұмыс туралы ұсынысқа бір күннен де аз ойландым. Ол кезде мен Қазақстанда тұратын біраз адамды танитын едім. Алматыда да шаруалармен бірнеше рет болғам. Сондықтан, қайда баратынымды алдын ала білдім. Ал, бір елге бірнеше күнге келіп кету мен онда тұрақтап қалу екі бөлек мәселе», - дейді Алматыға 2013 жылы келіп, былтыр көшіп кеткен ол.

Осы уақыт ішінде Алматыда көрген-білгендерінен ол қала өміріне қатысты сыни көзқарас та қалыптастырған.

«Алматыда сәулет жағы ақсап тұр. Қолда барды бағаламайды. Бірақ, мен Алматыны жылы естеліктермен еске аламын. Адамның санасы нашар сәттерді ұмыттырып, тек жақсыларын ғана қалдырады», - дейді Роман Стратийчук.

Вьетнам, Украина мен Қазақстанды салыстыра келе біздің елдің халқы бұйығы, өз құқықтарын қорғауға тырыспайтынына көз жеткізген.

«Қазақстанда барлық адамдар тұйық, қысылып жүреді.» Өз ойын айту, ерекше болуға, топтан бөлініп шығуға деген талпыныс атымен жоқ. Осындай жағдайда адамдар топтан шықпай, көппен бірге жүруді қанағат тұтады» деген ол Алматыда Киев пен Хошиминде кездестірмейтін қызықтардың да аз еместігін атап өтеді.

Көшіп-қонып жүріп тірлік кешуге үйренген суретші Қазақстанға орала алатынын да айтыпты.

«Алматыдан мен бірінші Киевке кеттім, бірнеше айдан соң Хошиминге келдім. Қазақстанға барсам тек мәдениет министрі болып қана барамын. Күлмеңіздер! Дәл осылай жазыңыздар. Қазақстанның мәдениетімен жоғары деңгейде айналысуға әзірмін. Спорттарыңызда бәрі дұрыс. Оған тиіспеймін», - депті сұхбатында Роман Стратийчук. 

Связанные Статьи