Британдық боксшы Головкинді "жалықтырғыш егеуқұйрық" және Борат деп атады

/uploads/thumbnail/20170709065207764_small.jpg

WBO нұсқасы бойынша қазіргі чемпион британдық Билли Джо Сондерс орта салмақта WBA (Super), WBC және IBF санаты бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің намысына тиетін сөздер айтты,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Британдық Келл Брукты жеңген қазақстандық боксшы ендігі кезекте Билли Джо Сондерспен қолғап түйістіргісі келетінін жеткізген еді. Бұл мәлімдемеге Сондерс өзінің Twitter-дегі парақшасында жауап қайтарып, ол Головкинді "boreRat" деп атады. Ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «borerat» - «жалықтырғыш егеуқұйрық» деген мағынаны білдіреді және дауыстап айтқанда "Борат" фильміндегі кейіпкерді еске түсіреді.

«GGG, сен дайын болғанда, мен де әзір тұрамын, тек жартылай орта салмақта емес. Естідің бе, boreRat!» - деп жазды Сондерс өзінің парақшасында. Еске сала кетсек, 11 қыркүйекке қараған түні WBA (Super), IBO, IBF және WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымының чемпионы британдық Келл Брукті (36-0, 25 КО) ойсырата жеңіп, жанкүйерлерін шаттықа бөледі.

Связанные Статьи