Ерболат Досаев Гонконгтың Қаржы министрі Джон Цангпен кездесті

    Ерболат Досаев Гонконгтың Қаржы министрі Джон Цангпен кездесті

    «Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтың бизнес делегациясымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

    Кездесуде өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

    Кездесу барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.

    Қатысты Мақалалар