Алматы облысында қаза тапқан үш азаматтың жаназасы ертең өтетін болды

/uploads/thumbnail/20170709085314823_small.jpg

Алматы облысы Жамбыл ауданында айуандықпен өлтірілген үш азаматтың жаназасы ертең Көксу ауданында шығарылатын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Ертең, сейсенбі күні таңғы сегізде Көксу ауданы Айнабұлақ аулында марқұм Әлімхан Қадылбектің жаназасы, осы күні сағат онда Көксу ауданы Қазақстан аулында марқұм Долданұлы Жарқынбек пен Залыханұлы Мұқияттың жаназасы оқылады», - дейді қаза болған жігіттердің туыстары.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада Алматы облысы Жамбыл ауданында жоғалған үш азаматтың қаза болғаны туралы хабарлағанбыз. Аталған оқиғаға қатысты екі адам күдікті ретінде қамауға алынған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи