Алматы облысы Жамбыл ауданында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бүгін Алматыдағы сот-сараптамалық орталығынан марқұмдардың мәйіттерін алған туыстары полиция қылмысқа қатысы бар делінген екі күдіктінің аты-жөнін айтқанын жеткізді.
Қолға түскен екі күдікті Талғат (фамилиясы белгісіз - ред.) пен Мұрат Оңалбаев Алматы облысы Жамбыл ауданының түрғындары көрінеді. Олар полиция қызметкерлеріне үш азаматты 18 қыркүйек күні сағат кешкі төрт пен бес аралығында бірін кеудесінен, екеуін басынан атып өлтіргендерін айтып берген.
Сондай-ақ, қылмыскерлер үш адамның мәйітін малдың тезегімен көміп кеткендерін айтқан.
Марқұмдардың туыстары аталған қылмысқа бұрынғы полиция қызметкерінің де қатысы бар деп күдіктенеді.
Оставить комментарий