Білім саласында барлық мәселелерді шешуге қауқарлымыз. Бүгін Астанада «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтау салтанатты жиынында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Осы жолда біз бір жақтан екінші жаққа ауытқыған сәттеріміз болғаны рас. Және ағарту саласы да кейде ойланбай жасалған реформалардан көп қиындықтар көрді. Десек те, тәжірибе - өмірдегі ең қымбат нәрсе екендігін ұмытпайық. Енді қазір бізде тәжірибе бар. Біз қолдан келгенше жақсарып келеміз. Біз барлық мәселелерді шеше аламыз. Бізге келер ұрпақ «өте жақсы» деген баға қою үшін біз бәрін істейміз. Мүмкін, «төрт» деген баға қояр, кім білсін...», - деп тоқталды Дариға Назарбаева.
Салтанатты шара барысында Сенат депутаты ұстаздарға өз құттықтауын жеткізді.
«Құрметті білім беру саласының еңбеккерлері, Ұстаздар, Ағартушылар, Тәрбиешілер, Педагогтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Аман-сау және бақытты болыңыздар, қымбатты Ұстаздар!» - деді Сенат депутаты.
Айта кетейік, еліміздің ең үздік мұғалімдерін анықтаған байқауға республиканың барлық өңірлерінен мектепке дейінгі және орта білім салаларында қызмет етіп жүрген ұстаздар, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім саласының инженерлік-педагогикалық мамандар қатысты.
Оставить комментарий