Алматы облысында айуандықпен өлтірілген Мұқият Зарлыханұлының отбасына бұрын да шабуыл жасалған

/uploads/thumbnail/20170709085845687_small.jpg

Ұзынағаш базарында мал сатып жүріп із-түзсіз жоғалып, соңында қылмыскерлер қолынан жазым болған үш жігіттің өлімі осы әулетте орын алған жалғыз қылмыс емес. Қайтыс болған жігіттердің бірі Мұқият Зарлыханның ағасының үйінде былтыр да ірі тонау қылмысы орын алған, алайда оған кінәлілер сол күйі табылмаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz – ке сілтеме жасап.

Қаза тапқан үш жігіттің бірі Мұқият Зарлыханның туған ағасы Адал Зарлыханның үйінде тонау қылмысы былтыр да болған екен. Інісімен қоса өзі де мал саудасымен айналысатын Адал Зарлыхан бұл оқиға туралы бізге бүгін өзі айтып берді.

2015 жылы 9 мамыр күні түнгі 02:30 шамасында оның үйіне отағасы жоқ орайды пайдаланып, бетін бүркеген қарулы 3 адам басып кірген. Әйел, бала-шағасын байлап тастап, 1 миллион теңге ақшасы мен үйдегі өзге де әшекей бұйымдарын түгін қалдырмай тонап кеткен.

Адалдың айтуынша, сөздеріне орысша араластырып сөйлеп, дәрменсіз бала-шағаға қарумен қауіп төндірген қылмыскерлердің ісімен Алматы облысы Көксу аудандық ішкі істер бөлімі айналысыпты. Бұл жағдайдан қатты қорыққан оның әйелі мен 9 жасар қызы емханаға жатып, зорға сауыққан екен.

Айта кетерлігі, бұл отбасыға қарулы шабуыл жасаған қаныпезерлер әлі күнге ұсталмапты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ұзынағашта жоғалған үш жігітті өлтірген күдіктілердің есімі белгілі болды.

Оқиғаның толық хронологиясын мына жерден оқи аласыз.

Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық оқиғаға бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін деген мәліметтермен бөлісті қайтыс болған жігіттердің туған-туыстары. Әзірге, бұл жайында ішкі істер органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи