Естімеген елде көп. «Жүре берсең көре бересің» деген осы екен-ау. Маусымның алғашқы жексенбісін қанға бояған ақтөбелік лаңкестердің бірінің заңсыз әйелі cот арқылы асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттен жәрдемақы алу мүмкіндігін иеленіп отыр.
Бәрін басынан бастасақ. «Рател» сайты 10 маусым күні Ақтөбедегі антитеррорлық операция кезінде қаза болған лаңкес Арман Айтуғанның заңсыз некедегі әйелі, 28 жастағы Айзада Үсікқалиеваның А. Айтуғаннан туған 8 айлық Әсия есімді қызы барын жазады. А. Үсікқалиева А. Айтуғанмен заңды некеде болмағанын, некелерін тек мешітте қидырғанын айтып, сот арқылы А. Айтуғанды сегіз айлық сәбидің әкесі деп тану туралы шешім шығартқан. Сол шешім негізінде енді Әсияға мемлекеттен асыраушысынан айырылуына байланысты 23715 теңге көлеміндегі арнайы жәрдемақы төленетін болды. Жәрдемақыдан бөлек А. Айтуған мен А. Үсікқалиеваның қыздарына өлтірілген терроршының тегі де берілмек.
Ал, А. Айтуғанның заңды әйелі мен туыстары сот барысында бұл аталған жәйттердің бәрін растап,
Оставить комментарий