Мемлекет басшысының жарлығымен Талғат Татубаев Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол бұған дейін төраға орынбасары лауазымын атқарған.
Ұлттық бюро төрағасы лауазымын бұған дейін атқарған Қайрат Қожамжаров Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік басшысы болып тағайындалған болатын.
Талғат Татубаев 1976 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. ҚР Бас тергеу комитеті Қарағанды жоғары мектебінің түлегі (1997 жыл).
Үйленген, екі қызы, бір ұлы бар.
Т. Татубаев әр жылдары ҚР Президент Әкімшілігі құқыққорғау жүйесі бөлімінде, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттікте қызмет атқарған. 2016 жылдың 12 қаңтарында Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Оставить комментарий