Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бизнеске жасалған қастандықтар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мемлекет басшысы судьялардың VII құрылтайында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы cөз қозғаған.
"Біздің Конституцимызда жеке мекеншік дүниеге қол сұқпаушылық туралы көрсетілген бе? Көрсетілген, бірақ біз тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен-ақ кәсіпкерлерге қастандық жасадық: "Оларда белгілі бір қаражат бар, сондықтан да олар кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкер бір дүкен ашты делік, демек оны ұры деп айтуға болады. Енді оның көзін жою керек". Адамдарда мұндай психология расында да болды. Онымен күресіп келе жатсақ та, ол психология қалмайды. Шағын немесе орта бизнес - елдің экономикалық негізі. Осыны есте сақтаңыздар. Мен үнемі осы туралы айтамын. Оны айтқым келгендіктен емес, бизнес нарықтық экономикада басты рөл атқаратындықтан айтамын", - деді Қазақстан Президенті.
"Оның бизнестің қай түрі екені - онда бес адам немесе 20 адам жұмыс істей ме, ол маңызды емес. Егер де ол салық төлеп жүрсе, демек олар біздің қоғамға керек. (...) Егер біз оларды қолдау көрсетпейтін болсақ, біздің экономика дамымайды", - деді Мемлекет басшысы.