Алматыда кафеде газ балоны жарылып, әйел адам зардап шекті

/uploads/thumbnail/20170709162742321_small.jpg

Алматының "Сайран" автовокзалының маңында орналасқан кафеде газ балоны жарылып, бір әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін шамамен түс кезінде болған. 

Медқызметкерлердің мәліметінше, жедел жәрдем 44 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген, оның бетін, мойнын және сыртқы дене мүшелерін 1-2-3 деңгейлі күйік шалған. 

Емделушінің айтуынша, ол газ балонының жарылысынан зардап шеккен. 

"Науқас №4 қалалық клиникалық аурханасына жеткізілген. Әйел адам тексеруден өтіп, жараланған жері таңылған", - деді ауруханадағылар. 

Әйел адам № 4 қалалық клиникалық аурухананың термикалық жарақаттар бөліміне жатқызылды.

Связанные Статьи